Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары алаяқтардың қаупіне қарамастан, онлайн төлегенді жөн көреді

Қазақстан азаматтары алаяқтардың қаупіне қарамастан, онлайн төлегенді жөн көреді

Visa Stay Secure зерттеуі CEMEA өңіріне кіретін (Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка) елдер мен Қазақстан азаматтарына сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысқан өз еліміздің азаматтарының 47%-і алаяқтық қаупіне қарамастан, онлайн төлегенді жөн көреді.

Сауалнамаға қатысқан Қазақстан азаматтарының 50%-і — алаяққа алданғандар. Дегенмен азаматтар 2023 жылға қарағанда 2024 жылы күмәнді белгілерді жақсырақ тани бастаған және онлайн-операциялар қаншалық шын екенін жиі тексереді. Респонденттердің 47%-і 2025 жылы алаяқтық қаупіне қарамастан, қолма-қол ақшасыз төлемді жиірек қолдануды жоспарлап отыр.

Қазақстаннан қатысқан респонденттердің 79%-і онлайн-төлемді сенімді жасай береді. Жеке басын растау үшін мәтін кодын жазуды немесе сатушы жіберген сілтемені басуды қауіп көрмейді. Қолданушылардың 66%-і смартфондағы қолданбалар арқылы мобайл төлем жасағанды құп көреді.

Зерттеуге Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка (CEMEA) өңіріндегі 5 800 ересек адам қатысқан. Олардың 97%-і онлайн-транзакцияларды қорғау шараларын қолданатыны анықталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да