Басты бет Жаңалықтар Бүгін Ақтауда мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін Ақтауда мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Washingtonpost.com
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық және 1-11-класс оқушылары қашықтан оқиды.

Бұл туралы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі хабарлап отыр.

Сонымен қатар күн райының күрт бұзылуына байланысты сағат 08:00 жағдай бойынша Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-718 шақырым аралығында (Бейнеу а.—Жетібай а.) жол жабылды, — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 127 арнайы техника мен 188 маман жұмылдырылды.

Exit mobile version