Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау облысында балабақша директоры сотталды

Маңғыстау облысында балабақша директоры сотталды

Фото: Ya-profi.ru
Маңғыстау облысында есепте жоқ баланы балабақшаға барды деп мемлекет қаражатын жымқырған директор сотталды.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.

Прокуратура аудандардағы балабақшаларды тексеріп, талапты бұзған мекемелерге 19 миллион теңге айыппұл салды.

Санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, сонымен қатар білім беру және медициналық қызмет салаларында заң бұзушылықтар анықталды. 111 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 19 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, — деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге жекеменшік балабақша іс жүзінде балабақшаға бармаған балалар үшін бюджеттен 6,6 миллион теңгені заңсыз алған.

Сот балабақша директорын үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеді, сонымен қатар ол екі жыл бойы мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызмет ете алмайды.

Exit mobile version