
Енді Қазақстан азаматтары Нейрожелісі бар Яндекс Іздеуге сұрақтарды диалог режимінде қоя алады. Нейрожелілер негізінде жұмыс істейтін сервис әңгіменің контексін түсініп, нақтылайтын сұрақтарға жауап бере бастады.
Мысалы, Бірінші дүниежүзілік көрме қай қалада өткенін сұрап, кейін бұл көрме басталғаннан неше рет өткенін, көрмеде ұсынылған ең қызық өнімдер туралы сауал қоюға болады. Қолданушы Наурызда демалысты қалай өткізуге болатын нұсқаларын іздеп жатқан кезде жолшыбай бүкіл отбасына жарайтын идеяларды да нақтылай алады. Қолданушы диалогта бес нақтылайтын сұраққа дейін қоя алады. Әдетте сұрақтардың осы көлемі тұшымды жауап алуға жеткілікті.
Нейрожауаптарды сұрау жолағы астынан дәл іздеу нәтижесінен көруге болады. Жауаптар интернтетте жақсы жауабы жоқ сұрау бойынша шығады. Осындай жағдайда Нейро түрлі дереккөзден табылған ақпаратты талдап, нейрожелі арқылы тұшымды жауап дайындайды. Нейрожелінің жауабын алу үшін Нейрожолағына да өтуге болады.
Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейрожелі негізінде өнімдер мен сервистерді шығаратын технологиялық өндіріс. Компания Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға, қолданушылар өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу қызметі, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері істеп тұр. Әзірлеушілер білім беру және әлеуметтік жобларды дамытумен де айналысады.