Басты бет Жаңалықтар Қазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Қазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында жел күшейіп, бұрқасындатады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

Түнде Алматы облысының шығысында, күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, одан да күшті болуы мүмкін.

Exit mobile version