Алматыда «Жас балет Алма-Аты» «Көктемге Арнау» гала-концерті өтеді

ҚР мемлекеттік академиялық би театры Алматы тұрғындары  мен қонақтарын 10 наурыз күні сағат 19.00-де «Жас Сахна» театрында өтетін гала-концертке қатысуға шақырады.

Кеш бағдарламасында классикалық балеттің жауһарлары орындалады. Балет труппасының жетекші солистерінің орындауында көрерменге еуропалық, орыс және қазақ композиторларының музыкасына классикалық және ұлттық өнердің балет нөмірлері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары осы кеште қазақстандық, орыс және батыс еуропалық композиторлардың керемет музыкасын және балет аңызы Б.Аюхановтың, А. Садықованың, Г.Камалованың және басқа да танымал хореографтардың керемет хореографиясын тамашалайды.

ed190aa4c9ba3a00c42ece6f41c4a8f0 Алматыда «Жас балет Алма-Аты» «Көктемге Арнау» гала-концерті өтеді
Фото: «Жас Сахна» театры

Би театры қаланың түрлі алаңында өнер көрсететіндіктен, бұл жолы біз «Жас Сахна» театрының сахнасында өнер көрсетеміз, олардың сахнасы үлкен балет спектакльдерін қоюға мүмкіндік бермейді, сондықтан «Жас балет» балет труппасы көрерменге әлемдік классиканың батыс Еуропа, қазақ және орыс композиторларының музыкасына балет қойылымдарының үзінділерін қамтитын гала-концертті ұсынады. Біз бағдарламаны түрлі етіп дайындадық және ол көпшілікке қызық болады, — деді бас балетмейстер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гульфида Гафурова.

Билеттерді онлайн сатып алуға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да