Басты бетЖаңалықтарАҚШ дизайнерлері...

АҚШ дизайнерлері «ақылды» жастық ойлап тапты (Видео)

Ерекше жастық таңның атқанын сездіріп қана қоймай, адамды тәтті ұйқыдан қалай ояту қажет екенін де біледі екен. Ол үшін таңертең оянатын уақытыңызды смартфондағы арнайы қосымшада белгілесеңіз жеткілікті. Қалған істі жастықтың өзі-ақ тындырады.

Арнайы датчиктер ұйықтап жатқан адамның қимылынан-ақ қандай күйде екенін анықтап, таң атқанда біртіндеп жарық бере бастайды. Содан кейін жарықдиотты шамдар ақырындап жарқырап, тұратын уақыт болғанын сездіреді. Қоңырау соғылатын уақыт жеткенде әдемі музыка да ойнайды.

«Ақылды» жастық тек қана оятып қана қоймайды. Сонымен қатар, ұйықтар алдында ертегі айтып беретін мүмкіндігі де бар. Егер ертегіні тыңдап жатып, ұйықтап кетсеңіз, аудиодыбыстың дауысы автоматты түрде өзі өшіп қалады екен.

ДереккөзBaq.kz