Басты бетЖаңалықтарБірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында 26 ақпанда дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлап отыр.

Ұлытау облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстігінде аздаған жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Желдің жылдамдығы солтүстік, шығыс, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстігінде кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді.

Таразда жаңбыр аралас қар жауады. Тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы түнде және таңертең 15-20 м/с, кейде 25 м/с жетеді.

Алматыда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде нөсер болуы ықтимал. Көктайғақ болады. Кешке тұман басады. Желдің жылдамдығы 15 м/с. Қонаевта жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Жел 18-23 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Батысында және орталығында тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында қар жауады. Батысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстігінде және шығысында көктайғақ, тұман болады.

Астана жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман түседі. Күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, қар жауады, бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

26 ақпанда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

26 ақпанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Талдықорған қаласында 26 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

26 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

26 ақпанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

26 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

26 ақпанда Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да