Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда уақтылы жаңартылмаған базар иелеріне айыппұл салынады

Қазақстанда уақтылы жаңартылмаған базар иелеріне айыппұл салынады

Келер жылдан бастап базарды жаңартуға қатысты ұсыным мен ескертулерді елемеген базар иелеріне айыппұл салына бастайды.

Бұл туралы cауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, базарды белгіленген мерзімде жаңғыртуды қамтамасыз етпеген сауда базарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр, — деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар спикер алдымен базар иелеріне ескерту жасалып, ұсыным берілетінін айтты, егер ескерту еленбеген жағдайда 300 АЕК (1 179 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Мәселе айыппұлмен шешілмеген жағдайда іс сотқа жіберіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да