Басты бетЖаңалықтар«Қазақстан» шахтасындағы апатқа кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты

«Қазақстан» шахтасындағы апатқа кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық соты «Қазақстан» шахтасындағы өрттен бес кеншінің қаза болу фактісі бойынша істі қарап, сот үкімін шығарды.

Төрт айыпталушы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қайғылы оқиғаға жауапты деп танылған төрт қызметкерді ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзды деп айыптаған болатын.

Тергеу барысында бірнеше ереже бұзушылық анықталды.

Жол берілген бұзушылықтардың салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында «Қазақстан» шахтасының көмір конвейерлік еңісінде өрт болды. Өрт салдарынан бес кенші қаза болып, 17 кеншіге денсаулығына орташа және ауыр зиян келтірді, — делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша прокурор қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталушыларды кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс абайсызда орташа ауырлықтағы қылмыс. Санкция үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. ҚК-нің 55-бабына сәйкес жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза максималды мерзімнен½, яғни төрт жылдан аспауға тиіс, — деп сот өз үкімін шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2023 жылғы 17 тамызда болған. Апат болған кезде жер астында 227 шахтер болған, олардың ішінде 222 шахтер жер бетіне шығарылып, бес адам қаза болған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да