Қазақстан азаматтары алаяқтардан бір ғана сөзбен қорғана алады. Бұл туралы бірінші кредиттік бюро хабарлап отыр.
Егер адамда ЭЦҚ болмаса, бірақ ол мобайл азаматтар базасында тіркелген болса, онда дауыстық боттың көмегімен кредит рәсімдеуге оңай тыйым салып, қайта қоса алады. Мұны жасау жолдары:
- 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз – бұл тегін;
- сізге ыңғайлы тілді таңдаңыз: қазақ немесе орыс;
- «кредитке тыйым салу» тіркесін айтыңыз;
- осыдан кейін сіз несиелеуге тыйым сала аласыз, оны алып тастай аласыз немесе қызмет туралы ақпарат ала аласыз;
- дыбыстық сигналдан кейін ЖСН енгізіңіз;
- Сізге растау үшін енгізілетін коды бар SMS келеді.
Бұл қызмет әсіресе смартфон пайдаланбайтын немесе интернет қолжетімсіз жандар үшін пайдалы.