Басты бетЖаңалықтар«Қазгидромет» 16 облыста дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» 16 облыста дауылды ескерту жариялады

Тұман, бұрқасын, көктайғаққа байланысты еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жасалды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында тұман, облыстың орталығында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с жететін жел соғады. Қызылорда қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.

24 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 17-22 м/с болады. Қонаев қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының түнде қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

24-25 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

24 ақпанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман басады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың басым бөлігінде қар, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Орал қаласында қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман басады. Жезқазған қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

24 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта тұман.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шымкент қаласында 24 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында 24 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 24 ақпанда таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да