Astana Taxi-дің 100 көлігі жұмысқа кіріседі

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің жанында Zhebe брендімен қызмет көрсететін Taxi Zhebe ЖШС мен «ЭКО такси» брендімен қызмет көрсететін «Автотранс Хозу» ЖШС-іне AstanaTaxi Инвестициялық жоба аясында 100 жаңа такси-көліктерінің кілті табыс етілді.

«Astana Taxi жобасы – бизнес пен мемлекеттің өзара әріптестігінің айқын мысалы. Жобаны іске асыру үшін бюджеттен шығын шыққан жоқ. Бастама біздің жақтан болды. Біз барлық преференцияларды, ресурстарды пайдалана отырып, заңдастырылған жеке-жеке такси-компанияларын біріктірдік, олар қауымдастық құрып, бірыңғай негізде қызмет көрсететін «Astana Taxi» сервисін құрды. Бұл көліктердің сыртқы көрінісі бірдей, ақысы постерминал арқылы төленеді, бірыңғай тариф. Егер «Эко» немесе «Жебе» такси операторларында сапар үшін ең төменгі баға 750 теңге болса, қазір төменгі сомасы 500 теңгені құрайды», – деп мәлім етті Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Жобаның мақсаты заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп-тұруы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні жоба аясында қосымша 200 дана автомобильді іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.

«Жаңа ресми такси қызметінің тағы бір артықшылығы – Bus Lane сызығымен жүру мүмкіндігі, сондай-ақ, оларға ірі СОСО, теміржол вокзалының, әуежайдың алдында қосымша тұрақ орындары бөлінеді, яғни, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау. Бұл преференциялар мен мемлекеттік қолдау құралдары таксомоторлық компанияларға сенімділік береді, бизнесті дамытуға жағдай жасайды», -деді Малика Бектұрова.

ДереккөзNaryk.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз