Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Түркияға ет экспорттайды

Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

Түркияның ветеринарлық қызметімен ет экспорты бойынша жұмыстар пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты.

Түркияға негізгі экспорттық өнімдер арасында дәнді және бұршақ дақылдары бар. Ал Түркиядан келетін импортта көкөністер, жемістер, жаңғақ және басқа да дақылдар қамтылған, — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы сенат отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауды ұйымдастыру жұмыстары атқарылып жатыр.

Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар пысықталып отыр. Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға баратын кәсіпорындардың тізімі жасалады, — деді вице-министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да