Ролик Майк Тайсонның гүлдерін суарып жүрген жерден басталады. Осы сәтте ол көршісі — танымал вайнер Анвар Джибавидің есік алдына келіп тоқтағанын көреді де, оны қонаққа шақырады. Джибави қолы тимейтінін айтып, бас тартқанымен, Тайсон оның сөзіне көнбейді.

«Менің құпия мәзіріме құрметсіздік танытпа — менің отбасым оны екі мың жыл бойы сақтап келген, құлдық дәуірде де. Жаман емес қой, иә? Тамаша сэндвич. Қазақстандағы GGG тауынан әкелінген ешкі сүтінен жасалған нағыз ірімшік!», — дейді боксшы тағамын мақтай отырып.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!