Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Алматы облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов дүниеден өтті. Қаралы хабарды Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев жеткізді.

Аңсар Тұрсынханұлы еңбек жолын Алматы облысының Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы атқарды.

2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы сәуірге дейін – Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2011 жылғы 13 сәуірден 2014 жылғы 20 тамызға дейін – Алматы облысының әкімі;

2014 жылғы қазан айынан 2020 жылға дейін – Алматы облысынан Қазақстан парламенті сенатының депутаты болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да