Басты бетЖаңалықтарСу тасқыны: "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді

Су тасқыны: «Қазсушар» филиалдарына 84 жаңа техника берілді

Су тасқынына дайындық аясында «Қазсушар» филиалдарына 84 жаңа техника берілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

Оның ішінде сегіз автокран, 14 самосвал, жеті трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.

Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ін жаңартуға ниетті.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар, — деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бұдан бөлек, жаңадан сегіз жерснаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да