«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20, 21 және 22 ақпан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан тұрғындары климаттық айырмашылықты айқын сезінеді.
Елдің солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше – мұнда баяу жылжып келе жатқан оңтүстік циклон ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градус жылыға дейін көтеріледі, – делінген хабарламада.