Басты бетЖаңалықтарПеризат Қайраттың соты қашан болады?

Перизат Қайраттың соты қашан болады?

Перизат Қайратқа қатысты тергеу шаралары аяқталуға жақын. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің екі бабы — 190 (алаяқтық) пен 218 (қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Екі адамға айып тағылды. Олар — Перизат Қайрат және оның анасы Ғайни Алашбаева.Наурыздың басында біз тергеу шараларын аяқтаймыз. Оны ресми түрде жариялайтын боламыз. Одан кейін тараптар іс материалдарымен танысады, — деді Жеңіс Елемесов мәжілісте өткен брифиңде.

Оның айтуынша, қылмыстық істер 100 томнан тұрады. Бұдан бөлек, заттай дәлелдер бар. Заң бойынша іс материалдарымен танысу мерзіміне шектеу қойылмайды.

Тараптар барлық материал мен дәлелелмен танысқаннан кейін ғана сот отырысы өтетін күн белгіленеді.

Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек беру үшін, сонымен қатар Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек беру мақсатында жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз. Ол екі ай қамауға алынды.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да