Басты бетЖаңалықтарТЖМ қызметкерлері бес балықшыны құтқарды

ТЖМ қызметкерлері бес балықшыны құтқарды

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Терс-Ащыбулак су қоймасында бес балықшы айдын еруінің салдарынан жағадан бөлініп қалған мұздың үстінде қалып қойған.

Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Оқиға орнына жедел келіп жеткен ТЖМ құтқарушылары құтқару тақтасының көмегімен барлық зардап шеккендерді қауіпсіз түрде жағаға шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сонымен қатар 112 пультіне Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында орналасқан Ақжар көлінің жағалауында балықшы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Ер адам балықшылар тобымен бірге болған, бірақ жолдастарынан алыстап, бағдарын жоғалтып, адасып кеткен. Хабарламаны алғаннан кейін құтқарушылары жоғары өту техникасымен жедел түрде іздеуге шықты.

Үйлесімді жұмыстың арқасында ер адам көлдің жанындағы қарлы далада тез табылды, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар бірден ер адамды жылытып, жылы шай беріп, елді мекенге жеткізді.  Медициналық көмекке мұқтаж болмаған балықшы құтқарушыларға жедел көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да