Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішіндегі апат туралы айтып берді.
Оқиға салдарынан жеті адам қаза болып, 402 адам эвакуацияланды.
Үкіметтік комиссия аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия мүшелерімен бірлесіп, авария болған жерді қарап, қаза болғандардың отбасыларымен кездестім. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Оның бірі аварияның туындау себебін, екіншісі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтауға тиіс. Осы екі комиссия өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет, — деді ол.
Оның айтуынша, шахтаның жұмысы уақытша тоқтаған.
Сонымен қатар қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатыр. «Қазақмыс» жерлеу рәсімін өтеп, олардың жылдық орташа жалақысының 10 еселенген төлемін, балалардың оқу ақысы мен алған неислерін өтейді. Кеншілердің отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік өтемақы тағайындалады. Жерлеуге арналған өтемақы төленеді. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынылады, — деді Қанат Бозымбаев.