Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500—506 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 19 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,47 теңге. Еуро — 520,89.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 521—526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35—5,47 аралығында саудаланып жатыр.