Қазақстан аймақтарында 19 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің солтүстігінде, батысында қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Тек оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста, республиканың орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, көктайғақ, солтүстікте, батыста жаяу бұрқасын болып, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейеді, — делінген хабарламада.