Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан қаза болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды.
«Қазақмыс» қаза болған кеншілердің тізімін жариялады:
- Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі;
- Жакубаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері;
- Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі;
- Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
- Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі;
- Нурулдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;
- Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.
Еске салайық, кеше сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, жеті адам төтенше жағдайда қалды.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды.
Шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.
Президент Ұлытау облысында кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.