Басты бетҚазақстандық дзюдошы...

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Оңалов Еуропа кубогының қола жүлдесін алды

Ерлан күрескен 50 кг салмақта барлығы 40 палуан бақ сынаған. Ол үшінші орын үшін бәсекеде әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған венгр палуанын 18 секундта ұтып кеткен. Еуропа кубогы да рейтингілік жарыс болып саналады.

Ерланды Ерген Усманов пен Нариман Бекқалиев жаттықтырады. Ол БҚО Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты кешенінің шәкірті.

Айта кетейік, бұл — Ерланның екінші жеңісі. Ол биыл Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында өткен дзюдо күресінен Еуропа кубогында да қола жүлдені жеңіп алған болатын. Сондай-ақ өткен жылғы қыркүйекте Саратовта өткен қаланың ашық кубогы жарысында да жеңімпаз атанған еді.
ДереккөзInform.kz