Басты бетЖаңалықтарАлматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдар байқауы басталды

Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдар байқауы басталды

Алматыда «Бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, роликтер және т.б.) дайындау шығармашылық байқауы» басталды. Бұл туралы Алматының дін істері жөніндегі басқармасы хабарлап отыр.

Байқауды басқарма тапсырысы бойынша, «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр.

Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары мен экстремистік және радикал діни ағымдар идеологиясы қаншалық зиян екенінен хабардар ету және журналистер мен БАҚ-ты, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материал жариялайтын басқа да азаматтарды қолдау.

Байқау мына номинациялар бойынша өтеді:

  1. Үздік пікір.
  2. Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост.
  3. Үздік мотивациялық сөз және үндеу.
  4. Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала.
  5. Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала.
  6. Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик.
  7. TikTоk әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик.

Осы 7 номинация жеңімпаздары мен одан бөлек 10 қатысушыға берілген ынталандыру сыйлығының жалпы жүлде қоры — 3 500 000 теңге.

Байқауға қатысатындар материалын 2025 жылғы 1 қазанға дейін [email protected] ресми поштасына жолдауы керек. Әрі қарай арнайы құрылған қазылар алқасы барлық келіп түскен материалды қарап, жеңімпаздарды анықтайды.

Байқау жеңімпаздары 2025 жылғы қазан айының соңында марапатталады.

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Бақдәулет Әбдіхамитовтың айтуынша, байқаудың бас мақсаты — БАҚ өкілдері мен өзге де адамдарды радикал діни көзқарастың, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының қаупі туралы мазмұнды әрі қызық материалдар дайындауға ынталандыру.

Байқау бірнеше жыл қатарынан жүзеге асып келеді және жыл сайын осы мәселеге қызығатын азаматтар қатары көбейіп жатыр. Жобан тиімділігін арттыру үшін қоғам мен әлеуметтік желі қолданушыларының сұранысына орай, әр жылда номинация түрлері мен саны өзгеріп отырады.

Байқауға бұған дейін жарияланған немесе басқа мемлекеттік органдардың тапсырысымен дайындалған материалдарды жолдауға болмайды. Келіп түскен барлық материалд осы байқау аясында әзірленуі керек.

Байқаудың басқа да шарттарын мына жерден оқуға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық