Басты бетЖаңалықтарПрезидент Ұлытау облысында кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты

Президент Ұлытау облысында кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажет көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

Еске салайық, кеше сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, жеті адам төтенше жағдайда қалды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық