Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды, — делінген хабарламада.

Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.

Еске салайық, кеше сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, жеті адам төтенше жағдайда қалды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық