Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалды

Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалды

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.

Төтенше жағдай аймағында шахтаның жеті қызметкері қалған. Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, — делінген хабарламада.

«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетіп жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық