Басты бетЖаңалықтарІле Алатауында адасып кеткен төрт жасөспірім табылды

Іле Алатауында адасып кеткен төрт жасөспірім табылды

Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы төрт жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шыққан.

Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3 010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажет көмек көрсетті. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, — делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да