Басты бетЖаңалықтарЕкібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып құлады: зардап шеккендер бар

Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып құлады: зардап шеккендер бар

Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып құлады. Maxi Mall сауда орталығындағы оқыс оқиғадан бес адам зардап шеккен.

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Бес адам Екібастұз қалалық ауруханасына өз бетінше жүгінген. Олардың ішінде 2008, 2009 жылдары туған үш бала бар. Зардап шеккендерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Дәрігерлер қарап, алған жарақаттарына амбулаториялық ем тағайындалды, – делінген хабарламада.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сауда үйі жабылғанын мәлімдеп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да