Қазақстан аймақтарында 17 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Солтүстік-батысында қалың қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде антициклонның жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде, батысында бұрқасын болып, екпінді жел тұрады, — делінген хабарламада.