Басты бетЖаңалықтарНұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп жазылған ресми құжатта.

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген.

1987 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.

1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы;

2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы);

2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы;

2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы;

2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2007 ж. — ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары;

2008 жылы — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары;

2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі;

2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары;

2015-2017 жылдары — ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры;

2017-2018 жылдары — Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;

2019–2022 жылдары — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы;

2022 жылғы маусымда Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да