Барлық тағамның дәмі бірдей
Барлық фастфуд тағамдарының дәмі бірдей болатынын байқаған шығарсыз? Ендеше оның сыры мынада. Адамдарға ащы, тәтті тағамдар ұнайды. Сол себепті фастфуд жасаушылар өз өнімдерінің барлық адамға ұнағанын қалайды. Сондықтан барлық дәмді біріктіруге тырысады.
Ет 30 секундта әзірленеді
Бургерлер әп-сәтте әзірленеді. Бургердің құрамындағы ет 30 секундта дайын болады. Себебі ет аспаздың қолына түскенге дейін әбден қатырылып, қуыруға дайын болып тұрады.
Фастфуд жеуге жеңіл
Фастфудты ұзақ шайнап отыру қажет емес. Жеуге де, қорытуға да жеңіл. Зерттеулерге сәйкес, дені сау адам тағамды орта есеппен 12 рет шайнауы керек. Ал сіз бургерді 12 рет шайнап көрдіңіз бе? Жылдам дайындалатын тағам жылдам желінеді, демек тез және көп тамақтануға әкеп соғады.
Түсі тәбетті арттырады
Қызыл, сары түстер фастфудта тегін қолданылмайды. Олар адамның тәбетін оятып, қызықтырып тұрады. Кейде мұны «кетчуп пен қышаның (горчица)» түсі деп те атайды. Бұл дәмдеуіштердің тәбет шақыратыны айтпаса да белгілі.
Ең басты мақсат – сізге көбірек сату
Орташа кола ма, әлде үлкені ме?
Сусындар сатылымын арттырудың ең қарапайым тәсілі – әр порцияның көлемін көбейту. Мәселен коланың ең үлкенін ойлап табу. Ал адамдар әр кез орташасына жүгіреді. Шын мәнінде бұл сатылымды арттырудың таптырмас тәсілі.
Отта жаңа піскен ет — иллюзия
Салат салауатты өмір салтына негіз болмайды
Салаттың жеңіл тағам екені жиі айтылады. Ал фастфуд мейрамханаларында дайындалған салат шын мәнінде өте калориялы болуы мүмкін.
Сапасыз кофе
Бағасы төмен мекемелердің басым бөлігі пенопласт стақандарға құйылған кофе ұсынады. Ал пенопластың құрамында химиялық компонент стирол бар. Ол ыстық сұйықтық араласқанда бөлініп, адамның жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қағаз стақандардағы кофені алған жөн.
Фастфудтағы жұмыртқа – жай жұмыртқа емес
Таңғы ас немесе жеңіл тамақ ретінде ұсынылатын жұмыртқа құрамында қоспа бар. Ол қоспа глицериннен, диметилполисилоксан және кальций силикатынан тұрады. Сондықтан жұмыртқаны үйде өзіңіз қуырып жеген жақсы.
Бөтелкедегі кола мен мейрамханадағы кола екі түрлі
McDonald’s-тан сатып алған коланың бөтелкедегі колалардан тәтті екенін байқаған боларсыздар. Шынында екеуінің дәмі бірдей. Бірақ фирмалық концентраттар мейрамханада сумен араластырылып, газдалатындықтан дәмдірек болады.
Осы бəлені жеудің өзі қауіпті… неден жасаладыны, қандай ет қосыладыны бір құдай біледі… газдалған сусын дарды да ішпеген жөн.
Мақалада бiздiң ең басты фаст фуд-құрт туралы ештеңке таба алмадым