Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері жарияланды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері жарияланды

Биыл Қазақстан азаматтарына 346 миллиард теңгеге зейнетақы төленді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 445 мың адам. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 миллиард теңге қарастырылды.

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ке, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ке, яғни инфляция деңгейінен 2%-ке оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-не дейін, ең жоғары – 120%-ке дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да