Басты бетЖаңалықтарАстанадағы контейнер жарылысына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы контейнер жарылысына байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Астана» станциясының сұрыптау паркінің 12-ші жолында пойызбен жеткізілген контейнерде жарылыс болды. Салдарынан бір адам жеңіл қол жарақатын алған.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

Қаза болғандар жоқ. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға да қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша көліктегі полиция департаменті «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиға орнына департамент басшылығы дереу жетті. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел топ құрылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деді ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мәлік Қайбар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да