Алматының Медеу ауданында 46 жыл бұрын салынған № 30 мектеп-гимназиясы ашылғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген.
Бұл туралы Алматының білім басқармасы хабарлап отыр.
Қазір реконструкциялау жұмыстарын бастау үшін барлық дайындық шарасы аяқталды, мердігер компания таңдалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың наурыз айында басталады. 2026-2027 оқу жылына дейін оқушыларға жағдай жасалады. Қазір мектепте 1 067 оқушы оқиды. Оқу қалыпты режимде, сабақтар уақытылы өтіп жатыр.
Медеу ауданының білім бөлімі мен Алматының білім басқармасы ата-аналармен кездесіп, мектепті жаңарту жобасы туралы толық ақпарат берді.
№30 мектеп-гимназиясының оқушылары Медеу ауданындағы басқа білім беру мекемелерінде оқиды.
№ 77 мектепте — 414, № 47— 326, № 56 мектепте — 210, М. Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейінде 117 оқушы оқиды. Бұған қоса, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шара қабылданды: қажет болған жағдайда оларды мектептерге автобустармен тасымалдау ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.
№ 30 мектеп-гимназиясының жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін оқушылар заманауи әрі жайлы оқу жағдайында білім алады.