Басты бетЖаңалықтарАлматыда кәуапханалар қызметіне өзгерістер енгізіледі

Алматыда кәуапханалар қызметіне өзгерістер енгізіледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде қаладағы кәуапханалардың жұмысына қатысты тұрғындардың шағымына жауап берді.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шаһар басшысы биыл наурыз айында мәслихатқа Алматының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізілетінін айтты. Бұл ережелерде гидрофильтрлерді орнату талаптары мен бақылау шаралары қарастырылған.

Былтыр біз осындай бастама көтердік, ол қолдау тапты. Заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында бұл ережелерді мәслихатқа ұсынып отырмыз. Егер олар қабылданса, бізде нақты жұмысты бастауға қажет құралдар пайда болады. Бұған дейін айтқанымдай, негізсіз кәсіпкерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ. Ал ережелер бекітілсе, біз оған сәйкес жұмыс істей аламыз, – деді Ерболат Досаев.

Аудан тұрғыны кәуапханалардағы гидрофильтрлерді газға ауыстыруды ұсынды.

Бұл жұмыстың екінші кезеңі. Қазіргі басты мәселе – кәуапханалардың қызметін реттеуге байланысты өзгерістер енгізу. Газға көшу мәселесін кейінірек талқылаймыз. Бұл мәселеге аудан әкімдерін қосамын, олар аталған мекемелердегі фильтрлердің жұмысын бақылап отырады, – деді қала әкімі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық