Басты бетЖаңалықтарАуа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді

Ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыстағы жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ.-Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 ш, Астана қаласының учаскесі-Павлодар облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

2025 жылғы 13 ақпан сағат 08:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» 200-254ш, Ақмола облысы ш. уч.-Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолдарды 2025 жылғы 13 ақпанда сағат 17:00-де ашу жоспарланған.

Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» 1291-1353ш, Жібек Жолы ААП-Ақмола облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» 1353-1426 ш., Ақмола облысы шекарасы учаскесі-Теміртау ААП шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолдарды 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық