Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 502–509 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 520,11.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 505,1 теңге. Еуро 525,5—520,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25-5,35 аралығында саудаланып жатыр.