Биатлоннан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасында 6 шақырымға эстафетадан ел құрамасы сапында Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая жарыс жолына шықты.
Жарыс қортындысында Қазақстан қыздар құрамасы 1 сағат 30 минут 01.9 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші кесті. Қытай және Оңтүстік Корея құрамасы тисінше алтын және күміс медалды өзара бөлісті.
Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.
Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.
Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.
Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.
ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді.
Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.
Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.
Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды.
Қазақстандық шаңғышылар қысқы Азия ойындарында қола медаль еншіледі.