Басты бетЖаңалықтарАлматыда тағы бір сауда павильоны сүрілді

Алматыда тағы бір сауда павильоны сүрілді

Алматының орталығында орналасқан сауда павильоны бұзылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ғимаратты сүру туралы шешімді сот шығарған.

Меншік иесі жеке тұлға, нысанды қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және пайдалануға беру актісі болмаған, — дейді ведомстводағылар.

Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне ғимаратты бұзу туралы нұсқама берген, алайда ол жүзеге аспаған. Амалсыз сотқа жүгінді.

Басқарма осы нысанды бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды, — делінген хабарламада.

Сауда нысаны Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық