Басты бетЖаңалықтарАлматыда әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

Алматыда әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

Алматыдағы қоқыс өңдейтін кәсіпорын аумағынан қоқыс саралау кезінде әйел адамның бөлшектелген денесі табылды.

Түркісб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап отыр.

Алдын-ала мәлімет бойынша, ер мен әйел 9 ақпанда жалдамалы пәтерде ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туған. Ер адам әйелді пышақтап, кейін денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған.

Күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Алдын-ала дерек бойынша ер адам жанжал кезінде өзімен бірге тұратын әйел адамды өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, — деді полиция.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық