Басты бетЖаңалықтарАстанадағы оқыс оқиға: 5 жасар баланың жағдайы ауыр

Астанадағы оқыс оқиға: 5 жасар баланың жағдайы ауыр

Елордада жасөспірімнің пышақпен шабуылына ұшыраған бес жасар баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірімнің пышақпен шабуыл жасауы салдарынан бетінің жұмсақ тінінде көптеген тілік жарақатын алған бес жасар бала №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Бала тексеріліп, ота жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шегушіге қажет барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, мамандар кеңес өткізді.

Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, — деді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық