Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.