Басты бет Жаңалықтар Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттаған 4 адам қамауға алынды

Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттаған 4 адам қамауға алынды

Фото: ҰҚК
2025 жылғы 22 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен төрт Қазақстан азаматын ұстады.

Бұл туралы ҰҚК хабарлап отыр.

Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сонымен қатар жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілінді.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Exit mobile version