Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 506–512 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 522,43.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро 520—526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18-5,28 аралығында саудаланып жатыр.