12 ақпан күні Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында бес спорт түрінен сынға түседі.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:
Мәнерлеп сырғанау:
- 12 ақпан, 12:30. Жекелей қысқа бағдарлама (Әйелдер)
- 12 ақпан, 15:00. Жекелей еркін бағдарлама (Ерлер)
Керлинг:
- 12 ақпан, 6:00. Топтық кезең . Оңтүстік Корея — Қазақстан (Әйелдер)
- 12 ақпан, 11:00. Топтық кезең. Қырғызстан — Қазақстан (Ерлер)
- 12 ақпан, 16:00. Топтық кезең . Қазақстан — Тайлад (Әйелдер)
Шайбалы хоккей:
- 12 ақпан, 07:00. Топтық кезең. Қазақстан — Жапония (Әйелдер)
Шаңғы жарысы:
- 12 ақпан, 8:00. Финал. 4Х5 шақырымға эстафета (Әйелдер)
- 12 ақпан, 10:00. Финал. 4Х7.5 шақырымға эстафета (Ерлер)
Ски-альпинизм:
- 12 ақпан, 7:30. Іріктеу. Аралас эстафета
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының медальдар саны 13-ке (үш алтын, алты күміс және төрт қола) жетіп, жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.