Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған футбол жобасы қолға алынды

Жобаны Қазақстан футбол федерациясы мен БЦС диагнозы бар балаларының Халықаралық футбол федерациясы (International Federation Cerebral Palsy Football) іске асырады.

Футболдың осы бағытында жұмыс істейтін бапкерлерді оқыту үшін Қазақстан IFCPF-тен білім курсына грант иеленді. Еліміздің әр аймағынан жиналған бапкерлер халықаралық сарапшылардан білім алды. Енді олар дайын маман ретінде балалармен жұмыс істейді. Бұл командаларды құруға, кейін Қазақстан құрама командасын шығаруға да мүмкіндік береді. Осылайша БЦП бар балалар халықаралық жарыстарға қатыса алады. Қазақстан футбол федерациясы ойыншылардың тасымалын, жабдығын, бапкерлердің айлығын және елімізде спорттың осы түрін дамытуға барлық жағдай жасап отыр.

Қазақстанда 15 мыңға жуық баланың БЦП диагнозы бар. Олар командаға қосылу үшін медициналық тексерістен өтіп, ата-анасының келісімін алу керек. Ниет білдірген жандар Қазақстан футбол федерациясының 8 7172 790 780 (ішкі118) телефон нөміріне немесе аймақтағылар өз қалаларындағы футбол федерациясына хабарласуына болады.

ДереккөзBnews.kz