Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын мемлекеттің экономикадағы үлесін біртіндеп азайта отырып, бірлескен инвесторларды белсенді түрде тартуды тапсырды.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Үкімет еліміз үшін маңызды жобалардың іске асырылу жағдайын бақылауда ұстайды. Мемлекеттің экономикадағы үлесін біртіндеп азайта отырып, бірлескен инвесторларды белсенді тарту қажет, — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар премьер-министр үдерістерді оңтайландыру және кешіктіруге әрі негізсіз қымбаттауға жол бермеу үшін жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылау қажеттігіне назар аударды.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобаларды іске асыру туралы баяндады.
Үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында Екібастұз ГРЭС-1 №1 энергия блогы тоқтап, қуаты 4000 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Экологияны жақсарту жұмыстары аясында Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын құру жобасы іске асырылды. Қарашығанақ кен орны жұмысының тиімділігін арттыру үшін бесінші кері айдау компрессоры енгізілді.
Көлік-логистикалық бағытта Сиань қаласында жүк терминалы салынды, ол жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және қазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 250 шақырымнан астам газ құбыры мен 500 шақырым теміржол желісі тартылып, екінші «Достық–Мойынты» жолының 132 шақырымында пойыз қозғалысы іске қосылды. Сонымен қатар есепті кезеңде Қазақстан үшін бірегей жобалар: гидроаккумуляциялық станция мен Астана қаласындағы алғашқы цифрлық қосалқы станцияның құрылысы басталды.
Жалпы тізімге қазіргі уақытта мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалар бойынша құны 33,3 триллион теңгені құрайтын инвестициялық 46 жоба енгізілген, — деп жазылған хабарламада.